«ҚазМұнайГаз» да негізгі акциясын қытайлық компанияға сатыпты

1 706 просмотров

KMG International N.V. (бұрынғы Rompetrol) компаниясының базасында «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК мен қытайлық China CEFC Energy Company Limited компаниялары арасындағы біріккен кәсіпорнын құру туралы құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК баспасөз қызметі.

Қайта құрылған біріккен кәсіпорнындағы ҚМГ компаниясының пайыздық үлесі 49 пайызды құраса, CEFC компаниясы сәйкесінше, 51 пайыз акцияның бақылау пакетіне иелік ететін болды.

Қол жеткізген келісімдердің нәтижесінде CEFC компаниясына Еуропа және Жібек жолы аумағындағы елдерге инвестиция тарту мәселелері сияқты бірқатар міндеттемелер жүктелді.

Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ұлттық операторы ҚМГ ҰК мен CEFC компаниясының біріккен кәсіпорны «KMGI» аясында жұмыс істейтін болып, «Silk Way Жобасы» атауына ие болып, сол брендпен дамитын болады.

Өкілетті органдар біріккен кәсіпорынды басқару – тепе-тең негізде жүзеге асырылады деп отыр. Келісімшарт еуропалық, қытайлық, өзге де өкілетті органдардың келісімін алып, 2016 жылдың қазан айында толық күшіне енеді.

Анықтама:

скачанные файлы

CEFC компаниясы Қытайдағы қарқынды дамып келе жатқан жеке компаниялардың бірі. 2014 жылы компания Global Fortune 500 тізімінде 349 орыннан көрінген болатын. CEFC энергетика, қаржы және инвестиция салаларында қызмет атқарады.

Загрузка...