Хакерлер актер Брэд Питтің қайтыс болғаны туралы жаңалық таратты, деп жазады TMZ-ге сілтеме жасап 24.kz арнасы.
Бұл хабар бастапқыда американдық Fox News арнасынан келген болып ашылады. Бірақ, сілтемені ашқан кезде пайдаланушының компьютеріне немесе смартфонына зиянды вирус жүктеле кетеді екен. Сондай-ақ хакерлер сол адамның Facebook парақшасына кіріп, зиянды сілтеме одан әрі тарала түседі.