Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара бойында иесіз жатқан «Трамадол Ланнахер» дәрі-дәрмектері табылды.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Барлығы 20 дана болатын дәрілерді «Сарыағаш теміржолы» бекетінің шекарашылары анықтады. Әсері өте күшті анальгетик халық тұтынатын тауарлардың арасына жасырылған екен.