Қазақ-қытай шекарасынан Қытайдың сырасын заңсыз алып өтпек болған азамат ұсталды

26 просмотров

Қазақ-қытай шекарасында Қытайдың спирттік ішімдіктерін заңсыз алып өтпек болған азамат ұсталды.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

„Достық„ өткізу бекетінің кезекшілері 52 жастағы Қазақстан азаматын құрықтады. Ол Қытайда жасалған 10 жәшік, яғни 90 құты сыраны шекарадан заңсыз алып өтпек болған.

„Құрықталған азамат Қытайдан Қазақстанға «Вольво» көлігімен кетіп бара жатқан. Заңсыз жүк көлікті тексеру кезінде тіркес арбаның түбінен табылды. Бұл іс Алматы облысы Алакөл ауданының прокуратурасына өткізіп берілді„ делінеді баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Загрузка...