Қордай шекара отрядына қарасты «Карасу авто» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары жалпы саны 600 дана болатын қой терісін шекара арқылы заңсыз өткізуге тырысқан қазақстандық екі азаматты ұстады.
Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі хабарлады.
Ұсталғандар «Форт Транзит» деп аталатын екі автокөлікпен өтуге тырысты. Ал аталған терілер екі машинаға 300 данадан бөлініп салынған екен.