Қазақ-қырғыз шекарасынан 20 жылқыны айдап өтпек болғандардың жолы кесілді

51 просмотров

Барымташылар Тараз шекара отрядына қарасты заставадан өтіп кетпек болған.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараз шекара отрядына қарасты «Гродеково» заставасының шекара наряды заставадан 10 шақырымдай қашықтықта өтіп бара жатқан 14 бас жылқыны анықтап, ұстады. Жылқыларды айдап келе жатқан белгісіз тұлғалар шекара нарядын көрген соң, көрші елдің аумағына барып жасырынды. Аталған аумаққа қосымша шолу жасаған шекарашылар ол жерден тағы да 6 бас жылқының ізіне түсіп, оларды да ұстады.

Аталған дерек бойынша Жамбыл облысының құқыққорғау органдары мен өзара әрекеттес мекемелері хабарландырылды.

Загрузка...