Қазақтың аса талантты шахматшы қызы Ресейге ауысып кетті

322 просмотров

Аса талантты қазақ қызы, болашағынан үлкен үміт күттіретін 12 жастағы шахматшы Бибісара Асаубаева енді Қазақстанның атынан емес, Ресейдің атынан өнер көрсететін болды. Бұл жайынжда Сhess-news.ru басылымы жазады.

«Сергей Нестеровтың шақыртуымен Бибісара Асаубаева енді Мәскеу облысының шахмат федерациясына қабылданады. Ол қазір Мәскеу түбіндегі Химки қаласында тұрып жатыр», — деп жазылған мақалада.

Айта кетсек, өзінің жастығына қарамастан Бибісара Асаубаева түрлі жас санаттарындағы мектеп чемпионаттарында топ жарып, бір рет 8 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атанып үлгерген. Ол Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.

Жеті жасында ФИДЕ шебері атанып, өзіндік рекордтың иегері болып табылады.

photo_37211
Бибісара Асаубаева
Загрузка...