Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Келін болшы, қазаққа! Қазақтар қола әперген моңғол қызына өлең арнауда

245

Әлеуметтік желіде Олимпиада төрінде көк туды желбіреткен спортшы қыздың әкесінің аты түрлі сөзге қалыпты. Оның ішінде қыздың тегі – Галбадрахты Гүлбадырақ деп аударғандар да табылған. Бұған ашуланған Тұрсынбек Тұрапбек деген ағамыз ондайларды былай деп сыбап тастады:

„Галбадрах Оттонцецег дегеннің қазақшасы : ” Көзімді бадырайтып қойып, мен туралы ананы, мынаны айтып, оттай бермей, келін қылып алып қалмайсыңдар ма ? ” – деген екен„.

Ал спортшы қыздың есімін аударғандар екі атқа тоқтаған: бірі — Гүлбану, бірі — Кенжегүл. Бұл арада соңғысы дұрыс болып шыққан секілді.

Facebook желісін қолданушы, моңғол тілін білетін Есенбек Санатұлы өзінің жеке парақшасындағы жазбасында :

“Гүлбану” деп сандырақтағанды, қойыңдар! Отгон деген „кенже„ деген мағына береді. Ал, цэцэг- гүл, яғни Кенжегүл. Қазақ жігіттері жар етер болса, қыздың атын солай өзгертуге болады„

деп жазады.

– Кенжегүлді Моңғолия керексіз ғып лақтырып тастаған жоқ. Олар бірінші нөмірлі спортшысы болған соң оны жіберді. Біздің мамандар Отгонды байқап осында шақырды. Оның қабілетін білді. 1-2 жыл осында түрлі жарыстарға қатысып тәжірибе жинады.

Қыз Моңғолияда болса, Олимпиадаға қатыса алмаушы еді. Өйткені жарыстарға №1 спортшыны ғана апарады. Отгонга осында жол ашылды. Жемісін көрді. Нәтижесі — міне: Олимпиада қоласы.

Кенжегүлдің көз жасының түпкі төркіні бізге беймәлім. Бәлкім, “осы қоланы өз елімнің атынан алғанда ғой” деген сезімде болған шығар немесе “сенім артқан Қазақ халқын жерге қаратпадым” деген көз жасы болар. Қайткенмен де медаль әперді, үмітті ақтады.

Моңғолия сайттарын ақтарып көрдім. Қызғаныш білдіріп жатқан ешкім жоқ. Керісінше, қолдауларын айтып жатыр. Сосын, “Гүлбану”, деп сандырақтағанды қойыңдар! Отгон деген кенже деген мағына береді…

Ал Facebook желісін қолданушы Ерболат Баятұлы болса, спортшы қызға жыр арнады:

Отгонцэцэг- Кенжегүлге!
(экспромт)

Несіне тегінен

Білместер үркеді.
Алтай мен Қанғайда
Өскен бұл жұрт еді.
Асауды үйретіп,
Арғымақ баптаған,
Ал діні – бөлектеу
Түбі бір Түркі еді!

Ұмайдан ұл болып,
Қыз болып жаралдың.
Алтайдан ат мініп
Ғаламға таралдың.
Бойында Көк бөрі
намыс бар, Қаны бар

МәңгіЕлдің Тұтқасы

-Теміршың Қағанның!

Түбім бір-Көк Тәңір
өзіңсің айбарым.
Сойқанды салған бұл
Сойларым.
Көшпелі мұңғұлдың
Қаршадай бір қызы,
Көтертсе несі айып
Қазақтың Байрағын?!!

photo_50876

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз