Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Аза тұтып болды. Енді Өзбекстанды кім басқарып отыр?

111

Бүкіл республика бойынша тек ер адамдар ғана қатысқан жаппай аза тұту асы берілді. Бұл шараларға жергілікті жерлердегі діни қайраткерлер қатысып, Ислам Кәрімовтың рухына дұғалар бағыштады.

Алғашқы сабақ – «Еске алу сабағы»

4-қыркүйекте Өзбекстанның барлық мектептерінде жаңа оқу жылы басталды, оның алғашқы сабағы – «Еске алу сабағы» болды. Оқушылар Ислам Кәрімовтің өмірі мен қызметі туралы әңгімеледі. Студенттер «Болашақ біздің қолымызда!» деген деректі фильм көрсетті. Картина Кәрімовке арналған, онда «бейбітшілік деген не?», «еркіндік деген не?» және «бақыт деген не?» деген сұрақтар қойылып, оның жауабын Ислам Кәрімовтің өзі береді. Фильм марқұм президенттің мынадай сөздерімен аяқталады: «Мен енді ешкімнен қорықпаймын. Біздің еліміз – ең дұрыс жолда. Біз ұлы болашаққа бара жатырмыз!».

Жаңа оқу жылында Өзбекстанда 1-сыныптарға 640 мың оқушы қабылданды. Олардың барылғына президенттің сыйлығы табыс етілді: мектеп сөмкесі, 12 атаудағы оқу құралдары мен оқулықтар жиынтығы.

Кәрімовке арналған ескерткіштер және Кубадағы аза тұту

3-қыркүйекте Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов Кәрімовпен қоштасу рәсімінде

— Біздің алаңдарымыз бен саябақтарымызға, тек астанамызда ғана емес, сонымен қатар, жергілікті жерлерде Ислам Кәрімовтың есімі беріледі… Түркіменстандықтар сіздердің ең жақын достарыңыз ретінде бүгін сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып, сіздермен бірге аза тұтуда, деді.

Дәл осы күні Мәскеу қалалық Думасы мәдениет және көпшілік коммуникациялар комиссиясының төрағасы Евгений Герасимов Мәскеудегі Өзбекстан елшілігінің маңына Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовке арналған ескерткіштің орнатылуы мүмкін екенін хабарлады. Сонымен қатар, Герасимов Кәрімовтың Ресей мен Өзбекістанның бірлігі мен өзара түсіністігі, сондай-ақ өз халқының әл-ауқатын көтеру жолында көп тер төккенін атап өтті:

— Ол КСРО кезеңіндегі сияқты, посткеңестік  кеңістікте де халықты біріктіре білген көшбасшы болды. Ол халық арасында үлкен беделге ие болған, бүкіл халық үлкен құрметпен қараған адам болған еді. Кәрімов бейбітшілік пен ынтымақтастық жолында аянбай еңбек етті, — деді Герасимов.

Тіпті, шалғайдағы Кубада да аза тұту күні жарияланды. Ол 5-қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 06:00-де басталып, сол күні түн жарымында аяқталды. Барлық мемлекеттік және әскери мекемелерде тулар төмен түсірілді.

Өзбекстанды кім басқарып отыр?

Ел Конституциясы бойынша, президент міндеттерін Өзбекстан Сенатының төрағасы, 54 жастағы Нигматулла Юлдашев атқаруы тиіс, бірақ бұл туралы ел ішінде ешкім ресми жариялаған жоқ.

Әлемдегі шетел президенттері мен премьерлері, Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қоса алғанда, 2-қыркүйекте Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхаттарын өздері президенттің міндеттерін уақытша атқарушы деп атаған ел Сенатының төрағасы Нигматулла Юлдашевтың атына жолдады.

Ел Конституциясы бойынша, әрекет етуші президент өз міндеттерін атқара алмайтын жағдайда оның міндеттерін атқару Олий Мәжілісі (парламент) Сенатының төрағасына ауысады. «Өзбекстан Республикасының Президентін сайлау туралы» Заңға сәйкес, үш айдан кейін президент сайлауы белгіленуі тиіс.

Нигматулла Юлдашев 2015 жылғы қаңтарда Сенат төрағалығына сайланды. Одан бұрын ол әділет министрі қызметін атқарған, ал оның алдында Өзбекстанның бас прокурорының орынбасары болған еді.

54_tn

Нигматулла Юлдашев

Юлдашевтың өмірбаяны

Юлдашев Нигматулла Тулкинович 1962 жылғы 5-қарашада Ташкентте дүниеге келген. Жоғары білімді, мамандығы бойынша — құқықтанушы.1985 жылы Ташкент мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмәмдаған. Еңбек жолын 1986 жылы Ташкент облысындағы Алмалық қалалық прокуратурасында стажер лауазымынан бастаған.

1991–2000 жылдарда келесі лауазымдарды атқарған:

  • Ташкенттегі Юнусабад аудандық прокуратурасының тергеушісі;
  • Ташкент қалалық прокуратурасының аға тергеушісі;
  • Өзбекстан Республикасы прокуратурасының Ішкі істер министрлігі органдарының тергеу-анықтау қызметіне бақылау жасау басқармасының прокуроры;
  • Бас тергеу басқармасы ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы.

2000–2003 жылдары — Өзбекстан Республикасы Бас покуратурасының ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі инспекциясының бастығы.

2003–2006 жылдары – Құқық қорғау және бақылаушы органдардың қызметін үйлестіру бойынша Өзбекстан Республикасы Президенті Кеңесшісі қызметінің прокуратура органдары қызметінің мәселелері жөніндегі жетекші инспекторы;

2006–2008 жылдары – Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасы салық және валюта қылмыстары мен қылмыстық табысты заңдастыруға қарсы күрес департаментінің бастығы.

2008–2011 жылдары – Өзбекстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.

2011 жылғы 21-маусымда Өзбекстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Өзбекстан Республикасының әділет министрі болып тағайындалды.

2015 жылғы 22-қаңтарда Юлдашев Өзбекстан Сенатының төрағасы болып сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз