Қазақ студенті араб тілін екі сағатта үйрететін мобильді қосымша әзірледі

120 просмотров

Joode деп аталатын қосымшаны қолданушы 9 интерактивті сабақты өту арқылы араб әліпбиіндегі 28 әріптің барлығының аталу, оқылу және жазылу ерекшеліктерін үйрене алады.
Бұл туралы Мuslim.kz хабарлады.

Жоба авторы Нұрсұлтан Асқарбекұлының айтуынша, араб алфавитін толық үйреніп алу үшін орта есеппен екі сағат жеткілікті екенін айтады.

Нұрсұлтанның өзі Эдинбург университетінің түлегі, жақын уақытта әрбір интерактивті сабақты өз дауысымен сүйемелдеуді жоспарлайды.

Ал жас өнертапқыштың ендігі мақсаты – Құран оқуды үйрететін қосымша жасау.

Загрузка...