Қазақстанның жаппай жарықдиодты шамдарға көшетін мүмкіндігі зор

22 просмотров

«Парасат» Ұлттық ғылыми-техникалық холдингіне қарасты Физика-техникалық институтының ғалымдары Қазақстанның жаппай жарықдиодты шамдарға көшуіне толықтай мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді.

Бұл жайында «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының» баспасөз қызметі хабарлайды.

Мұндай батыл болжамды физика, математика ғылымдарының докторы, академик С.Ж. Тоқмолдин жасап, өзінің ғылыми жобасы жарықдиодты шамдарды мемлекеттік деңгейде жаппай енгізуге жол ашатынын алға тартқан.

Жарықдиодты шамдардың күнделікті пайдаланып жүрген шамдарға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Мұндай шамдар адам денсаулығы мен қоршаған ортаға залал келтірмейтінімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, экономикалық тұрғыдан үнемді.

Ғалым өз жобасы мемлекеттік деңгейде қолдау табатын болса, жарықдиодты шамдардың түр-түрін шығара алатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанда жарықдиодты шамдар жасайтын шикізат қоры жеткілікті. Отандық ғалымдардың дайындаған технологиясы да бар.

Загрузка...