Қазақстанның уақытша премьер-министрі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланған Елбасының жарлығында айтылды.
“Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін” – делінген Ақорданың сайтында шыққан Үкімде.