Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақстанның ұлттық брендіне конкурс жарияланды

Елдік брендинг мемлекеттің инвестициялық және туристік тартымдылығының деңгейін айқындап, өндіретін тауарларының танымал болуына, халықаралық аренадағы беделіне, тіпті жаһандық еңбек бөлінісінен орын алуына да ықпал ететінін атап өткен министр осындай іргелі істі біздің еліміз де қолға алу керектігін айтады.

„Бүгін Қазақстанның Ұлттық брендін анықтау жөніндегі конкурс басталады. Байқауға ұсынылған жұмыстарды жинақтау министрлік сайтында (http://mic.gov.kz/kk/competition) бір ай бойы жүргізіледі. Өтініммен бірге логотип, ұран, еркін формада жазылған және жұмыстың мәні мен мазмұнын ашып көрсететін қысқаша тұжырымдама жолдануы тиіс„ деп жазады министр.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші – интернетте дауыс беру. Өтінімдерді жинаудың қорытындысы бойынша 15 күн ішінде жұртшылық олардың арасынан үздік дегенін таңдайды.

Екінші – интернетте дауыс беру нәтижесінде іріктелген үздік жұмыстарды (ең көбі 10 жұмыс) сарапшылық кеңес алдында таныстыру. Кеңеске танымал қоғамдық және саяси қайраткерлер, мәдениет пен өнер саласының өкілдері, сонымен бірге отандық және халықаралық сарапшылар енеді.

Байқауға мамандығына, заңды мәртебесіне, жасы мен азаматтығына қарамастан, кез келген адам қатыса алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз