Қазақстанның ЕАЭҚ елдерімен тауар айналымы әлдеқайда қысқарды

33 просмотров

Қазақстанның статистика жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша, республиканың Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕАЭҚ) елдерімен тауар айналымы 1,46 млрд долларға қысқарған.

Қазақстанға ЕАЭҚ елдерінен келетін импорт көлемі экспорт көрсеткіштерінен екі есеге көп, деп хабарлады қазақстандық Finprom сараптамалық сайты. «Нарықтар ұқсас болғандықтан, Ресейді қазақстандық жанармай-энергетикалық тауар қызықтыра бермейді. ЕАЭҚ кеңістігіндегі экономикалық жағдайдың нашарлығы Қазақстанға экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бермей отыр», — делінген Finprom материалында.

Қазақстанның ЕАЭҚ елдеріне экспорт мөлшері 32,2 пайызға немесе 1,46 миллиард долларға қысқарып қалды. Қазақстан сыртқа шығаратын негізгі тауарларға органикалық емес химия өнімдері, радиоактивті элементтер қоспасы, бағалы тастар, сирек кездесетін металдар, темір кендері жатады.

2016 жылдың алғашқы бес айында импорт 29,1 пайызға немесе 3,22 млрд долларға қысқарған. Оған теңгенің девальвациясы мен ішкі сұраныстың аздығы әсер етті.

Загрузка...