Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, қатты жел соғады.
Негізінен, республикамыздың батыс, солтүстік және оңтүстік облыстарында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Орталық және батыс аудандардың кей жерлерінде тұман түседі.
Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
19-қыркүйекте Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар ауданында жел екпіні күшейіп, көшпелі бұлт жүріп, ауа-райы тұрақсыз болады.
Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысында, Қарағанды, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, керісінше күн қатты ысиды.