Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Батыс Қазақстанда үш радикалдық топ ауыздықталып, 21 адам қамауға алынды

Бұған қоса, топ мүшелерінің бірінен өздерін қаржыландыру мақсатында жалған теңгелер, оны жасайтын арнайы қағаз, компьютер және көбейту техникасы табылып, тәркіленді.

Көрсетілген топ мүшелеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы, яғни «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру», 256-бап,  «Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiнжасауға жария түрде шақыру», 257-бап, «Террористік топ құру және оның қызметіне қатысу», 231-бап, «Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу», 287-бап, «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру», 288-бап, «Қаруды заңсыз жасау» сынды заңбұзушылықтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сот санкциясына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының 10 тұрғыны және Ақтөбе облысының 11 тұрғыны қамауға алынды.

Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз