Қазақстанның Бас прокуроры АҚШ елшісімен кездесті

10 просмотров

Бүгін ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Джордж Кролмен кездесті.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Өзара сұхбат кезінде ҚР Бас прокуроры заманауи кезеңдегі қадағалау органы қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берді.

Тараптар екі ел арасындағы құқықтық ынтымақтастық бойынша бірқатар мәселелерді талқылады. Соның ішінде, терроризм және экстремизммен күрес, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық қорғау саласының сарапшылары және мамандарымен алмасу, сонымен қатар екі жақты келісімдік-құқықтық базаны кеңейту саласындағы ынтымақтастық мәселелері қамтылды.

Жақып Асанов Қазақстанның бас прокуратурасы құқықтық саладағы сындарлы, әрі өзара тиімді диалогқа дайын екенін айтып өтті.
Екі жақ қол жеткізген ықпалдастық деңгейін ризашылықпен атап өтіп, қылмыспен күрес бойынша қос тараптың қарым-қатынасты жандандыру қажеттілігіне назар аударып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Загрузка...