Қазақстанның байлары қаржысын Ресейдің компанияларына құюда

32 просмотров

Қазақстан қор биржасы келтірген мәліметке сенсек, қалталы қандастарымызды көбіне — «Ростелеком», «Газпром», «Аэрофлот» сынды алыптардың акциялары қатты қызықтырады екен.

Нәтижесінде, Қазақстан қор биржасындағы сауда көлемі 49 триллион теңгеге дейін жетті деп хабарлайды КТК арнасы. Бұрын-соңды болмаған мұндай ақша айналымын қаржыгерлер құнды қағаздарға деген қызығушылықпен түсіндіріп отыр.

Биржадағылар ұлттық валютамыздың қазіргі халін де сөз етті.

Бірде көтеріліп, бірде түскен теңге бұл күндері біраз тұрақтады дейді мамандар.

Қазіргі сату бағасы -1 доллар 338 теңге. Дегенмен, соңғы кезде қырғыз сомы күшейіпті. Ақша айырбастау орындарында 1 сом 5 теңгеге дейін қымбаттап, әне-міне ресей рубльімен теңесуге шақ тұр. Бірақ мұны қаржыгерлер қалыпты деп қабылдап, тіпті, төл теңгемізді бір мысқылдап та алды.

Андрей Цалюк, «Қазақстан қор биржасы» АҚ Басқарма төрағасы орынбасары:

-Қалай дегенмен де теңге соңғы екі айдың ішінде айтарлықтай тұрақтаған. Мұны мұнай бағасының көтерілуімен түсіндіреміз. Бірақ, әрі қарай да осылай болады болжап айту қиын. Өйткені, теңгенің бағамы сыртқы экономикалық факторларға тікелей байланысты.

Загрузка...