Қазақстандықты атып тастаған америкалық полиция кісіні „қасақана өлтірді„ деп танылды

27 просмотров

Портсмуттың бұрынғы полицейі Стивен Рэнкин 2015 жылы 18 жасар американдық Уильям Чэпменді қасақана өлтірді деп танылды. Ол 2011 жылы қазақстандық Кирилл Денякинді ұры екен деп тапаншасындағы барлық оқты жұмсап, өлтірген.Бұл туралы Pilotonline.com сайтына сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

36 жастағы Стивен Рэнкин 10 жылға бас бостандығынан айырылмақ. 12 адамнан: 7 әйел және бес еркектен тұратын алқабилер соты жазаны өтеу мерзімін ұсынады.

Алқабилер сот залынан шығып, қастандықпен өлтіруге кінәлі деген үкімді оқыған кезде қаза тапқан Салли Чэпменнің анасы жылап жіберді.

Бұл американдық полицейдің өз мансабында адам өлімімен аяқталған екінші оқиға болды. 2011 жылы Стивен Рэнкин қазақстандық Кирилл Денякинді 11 рет атып өлтірген. Оның құрбандарының екеуі де қарусыз болған. Ол кезде Рэнкиннен айыптың бәрін алып тастап, полицей өзін-өзі қорғануға мәжбүр болды деп ақтап шыққан еді.

Рэнкин өз жағынан бәрін жоққа шығаруда, оның сөзіне қарағанда, полицей ұрлық туралы дабылдан соң супермаркеттің көлік тұрағына келіп, Чэпменді ұстамақ болған кезде ол қарсылық көрсеткен.

Полицей бозбаланы басынан және кеудесінен атып өлтірді. Қарсыласу небәрі бір минутқа созылады. Полицейдің сөзіне қарағанда, Чэпмен оның электр шокерін тартып алған.

Камерада түсірілген қайғылы жағдай туралы жазба алқабилер сотына ұсынылды.

Рэнкин, күтілгендей, шығарылған үкімге байланысты шағым түсірмек. Салли Чэпменді қолдау үшін Қазақстаннан АҚШ-қа Кирилл Денякиннің анасы Елена Денякина келді.

Еске сала кетсек, 2011 жылы 23 сәуірде АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Портсмут қаласында бірнеше жыл бұрын американдықтың оғынан қарағандылық Кирилл Денякин мерт болған еді.

Стивен Д. Рэнкин 26 жасар қазақстандыққа тапанша оқтізеріндегі бар оқпен атқан. Қазақстандықтың көршілері қателікпен оны ұры деп ойлаған.

Туыс-туғандарының айтуынша, Кирилл АҚШ-қа «Work & Trave» бағдарламасы бойынша кеткен. Артынан осы елде қалуға ұйғарып, қонақүйде аспаз болып жұмыс істеген.

Алқабилер сотының шешімімен Қазақстан азаматы Кирилл Денякинді өлтіру бойынша қылмыстық іс жабылған.

Денякин жанұясының мүддесін екі американдық адвокат қорғады. Азаматтық талапта $22 млн материалдық және моральдық шығын көрсетілген.

Загрузка...