Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақстандықтардан тапқан табысының 2 пайызы көлемінде медициналық жарна ұсталады

Әлеуметтік медициналық міндетті сақтандыру бойынша жарна төлеу келер жылдың 1 қаңтарынан басталады. Қазір аталған заңның артықшылықтарын халыққа жеткізу мақсатында министрлік жанынан арнайы жұмыс тобы құрылып, олар әр өңірде түсіндіру жұмыстарын бастап та кеткен.

Құралбай Құрақбаев, Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің кафедра меңгерушісі:

– Медициналық міндетті сақтандыруды қамтамасыз ету үшін 2017 жылдан бастап жұмыс орны жұмысшының орташа айлығы есебінен 2 пайыз арнайы шотқа аударады. Ал 2018 жылы бұл жарна түрі 3 пайыз, 2019 жылы — 4 пайыз, 2020 жылы 5 пайыз болады деп болжанған. Әлеуметтік деңгейі әртүрлі адамдар көп. Соған байланысты мемлекет әлеуметтік топтың 15 түрін анықтап, оларға еліміздегі орташа айлық көлемінен жарна төлеуді қарастырады.

Келесі жылдан бастап қазақстандықтарға медициналық көмектің екі түрі ұсынылмақшы: кешенді және сақтандырушы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз