Ұлттық банк «қазақстандықтар долларын жаппай сатып жатыр» деп тағы бір рет мәлімдеп қойды

32 просмотров

Қазақстандықтар қолдағы америкалық валютаны жаппай сатуды жалғастырып жатыр. Ал ішкі валюта нарығындағы ахуал салыстырмалы түрде тұрақты. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысы барысында ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов хабарлады.
Оның айтуынша, ақша айырбастау бағамының күн сайынғы әрі-бері ауытқулары, әдеттегі шекті белгілер аралығында орын алуда. Олар мұнай бағасының және Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің валюта бағамдарына қатысты айқындалады.

— Теңге бағамының нығаюы ағымдағы жылдың бес айында 1,2 пайызды құрады. АҚШ доллары ұсынысының оған сұраныстан асып кетуі сақталып отыр. Теңгенің айырбастау бағамының күрт ауытқуларына жол бермеу және алтын-валюта резервтерін толықтыру үшін Ұлттық Банк шетел валютасын сатып алуды жалғастыруда, – деп атап өтті Алпысбай Ахметов Сенаттағы өз баяндамасында.

Қаржы реттеушісі басшысының орынбасары шетел валютасы нарығында ақпан мен сәуір айлары аралығында халық қолындағы 763,3 миллион АҚШ долларын сатты. Ахметовтің пікірінше, бұл теңгенің барынша тартымды мөлшерлемелерге, сондай-ақ девальвациялық күтулердің төмендеуіне байланысты орын алды.

Загрузка...