Қазақстандықтар қарағандылық ұстазды ақтауды сұрап, Елбасыға үндеухат жолдады

138 просмотров

Қазақстандықтар жалған лаңкестік үшін 2 жылға сотталған қарағандылық мұғалім Юрий Пакқа қолдау білдіріп, қол жинап жатыр.

Үндеу хат Елбасының атына жазылған. Онда үш күн бұрын сот үкім шығарған физика пәнінің оқытушысы Юрий Пактың ісін қайта қарау сұралады.

Үндеухат 4 қазан күні avaaz.org қоғамдық петициялар сайтына орналастырылған. Оған қол қоюшылар саны күннен күнге артып келеді.
Ескерте кетелік, Юрий Пакқа 2015 жылдың 14 сәуірінде Қарағандыдағы ЦУМ ғимаратына «бомба» қойды деген айып тағылды. Себебі оның ұялы телефонынан шұғыл әрекет ету қызметтеріне қоңырау түскен. Ер адам бомба қоятындығы туралы хабарлаған.

Алайда физика пәнінің мұғалімі сотта өзінің бұл іске қатысы жоқтығын айтып, барынша ақталып бақты. Оның айтуынша, қоңырау шалынған уақытта ол әріптестерімен парта тасып жүрген. Ал бұл уақытта телефон көрші кабинетте, сөмкесінің ішінде жатқан.

Юрий Пак — Қарағандыдағы үлгілі ұстаз, бір отбасыны асырап отырған отағасы. Оның кәмелетке толмаған екі баласы бар. Ауыр науқасқа шалдыққан анасы сот процесі жүріп жатқанда көз жұмғанын баса айта кетелік.

 

Загрузка...