Қазақстандықтарға жерді тегін беру ұсынылды

66 просмотров

Жалға алып отырған жері 50 гектардан аспайтын шаруаларға жерді тегін беру керек. Мұндай ұсынысты Жер реформасы бойынша комиссияның мүшесі, «Родина» агрокомпаниясының басшысы Иван Сауэр алға тартты, деп хабарлайды jerturaly.kz.

«Жекеменшік болсын, немесе болмасын деген тақырыпқа терең ойланудың қажеті шамалы. Бірақ жер реформасын жөнге, ақылға келтіру қажет деген тақырыпты қозғау — міндетіміз. Менің көзқарасым бойынша, егер мемлекет инвентаризация жасап, 3-5 жыл жермен айналысып жатқан, 50 гектардан аспайтын аумақты жалға алып отырған шаруаға еркіндік берсе, меніңше мемлекет кедейленіп қалмайды. Мемлекет оған сол жерді сыйға тартсын, мемлекет одан тек пайда көреді», — деді ол Астанада өткен Жер реформасы бойынша комиссияның екінші отырысында.

Оның сөзі бойынша, мұндай қадамнан ешкім ұтылмайды.

«Әрине, ертең алыпсатарлық болмас үшін, ол сол жерде еңбек ететінін дәлелдеуі тиіс. Оны тексеру қиын емес. Осы сxеманы ашық, көрнекі жасауға болады», — деп атап өтті Иван Сауэр.

Загрузка...