Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстандықтар 22 182 теңгеге қалай күн көрмек?

Сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің негізгі тағамдары тұтынудың ең төменгі мөлшерін басшылыққа ала отырып есептелгені хабарланады.

Атап айтарлығы, ол маусым айында, алдыңғы аймен салыстырғанда, 7,5 пайызға, ал 2015 жылғы маусыммен салыстырғанда 12,7 пайызға артқан.

Статистиктер біздің 30 күнде ішіп-жейтін тағамымыздың мөлшерін де есептеп шығарыпты. Сөйтсек, бір айда ішетін тағамымыздағы «ет пен балықтың үлесі 19,6 пайызды, сүт, май өнімдері мен жұмыртқа – 15,9 пайыз, жеміс пен көкөніс – 13,8 пайыз, нан тағамдары мен жарма бұйымдары – 8,2 пайыз, қант, шәй мен  дәмдеуіштер – 2,5 пайызды» құрайды екен.

Десек те, бұлардың барлығы орташа есеппен алынған цифрлар. Олар жас шамасы және жыныстық белгілер бойынша өзгеруі мүмкін. Мәселен, сарапшылардың есептеулері бойынша,

еңбекке қабілетті жастағы ер адамға күн көру үшін айына 26 427 тенге,

әйелге — 20 976 теңге қажет болса, зейнеткерге 20 766 теңге де жеткілікті екен. Бұл, неге екені белгісіз, жұмыс істейтін әйелдерге қажетті сомадан 200 теңге кем екен.

pm1

Еш нәрседен тартынбаңыз…

Атап айтарлығы, сол Статистика жөніндегі комитет 2016 жылғы 1-шілдеден бастап, инфляцияның жылдық шамасы 17,3 пайыз деңгейінде қалыптасқанын хабарлады. Сөйтіп,

ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының өсуі (ол 2015 жылдың маусымымен салыстырғанда, 12,7 пайызға артқан) инфляция қарқынына ілесе алмай келеді

Ал инфляцяның өзіне келетін болсақ, жылдың басынан ең көп қымбаттағаны – картоп (+34,9 пайыз), жармалар (+24,4 пайыз), қара шәй (+18 пайыз), қант (+13,6 пайыз), нан (+11,6 пайыз), макарон бұйымдары (+8,2 пайыз) және күнбағыс майы (+8,1 пайыз) — яғни, кедей халық көп тұтынатын негізгі тағамдар жиынтығы.

Бұдан бөлек, денсаулық сақтау саласының қызметі 7,3 пайызға артса, балалар мен сәбилер бақшасы 6,3 пайызға қымбаттаған. Тұрғын үй қызметі саласында канализация тарифі 19,8, қоқысты шығару 11,8, суық су 8 пайызға артса, басқа қызмет түрлерінің құны да артқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз