Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Қазақстандық талапкерлердің жартысынан көбі ҰБТ-ны қайта тапсыра алмады

–       ҰБТ-ге қатыспағандар;

–       талапкерлердің кешенді тестілеуіне (ТКТ) қатысып, төменгі балл деңгейіне жете алмағандар;

–       ТКТ-ге қатыспағандар;

–       ҰБТ және ТКТ барысында көрсетілген нәтижелері жойылған азаматтар.

Тестілеуге 41801 талапкер (қатысуға өтінім жасағандар саны – 45025) қатысты, оның 27306 – қазақ тілінде оқуға ниетті адамдар,  14495 – орыс тілінде оқуды таңдағандар.

Тестілеу нәтижелері бойынша төменгі балл деңгейіне 23778 адам (56,884%) жете алмады.

ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін 104 талапкер тестілеуден шеттетіліп, олардың көрсеткен нәтижелері жойылды.

Биылғы жылы талапкерлерді моральдық-психологиялық тұрғыдан қорғап, олардың жоғары білім алу мүмкіндіктерін едәуір арттыратын икемді жағдайлар жасалғаны белгілі. ҰБТ және ТКТ нәтижелері бойынша ЖОО-да білім алу мүмкіндігін беретін ең төменгі балл деңгейінен аса алмаған талапкерлер тестілеуді ақылы негізде қайта тапсыра алатын болды.

Қайта тапсыру қорытындылары бойынша барлық қатысушы талапкерлерге тестілеу барысында алынған көрсеткіштері жазылған сертификаттар тапсырылды. Бұл құжат, талапкер ең төменгі балл деңгейінен асатын көрсеткішке қол жеткізген жағдайда, ЖОО-на ақылы негізде түсу мүмкіндігін береді.

Қайта тестілеу нәижесі бойынша ең төменгі балл деңгейінен аса алмаған талапкерлер ЖОО-на ақылы негізде, күндізгі оқу бөлімдеріне алғашқы академиялық кезеңнің аяғына дейін (1-курстың соңына дейін) қабылданады. Осындай шарт негізінде қабылданған азаматтар бірінші академиялық кезеңнен кейін қайта тестілеуден өтеді. Осы мүмкіндікті пайдалана алмағандар ЖОО-нан шығарылады. Керісінше, тестілеу қорытындысында жақсы нәтиже көрсеткендер (төменгі балл деңгейінен асатын көрсеткіштерге кол жеткізгендер) келесі курсқа өтіп, оқуларын жалғастырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз