Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстанды Ресейге қосуды үндеген Петропавл тұрғыны сотталды

Петропавл қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабы 1-бөлігінде (Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін, бұзуды не мемлекетті ыдыратуды насихаттау) және ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігінде (жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдаланып, ұлттық алауыздықты насихаттау) қарастырылған қылмыстар жасағаны үшін Чуприн Игорь Владимировичке қатысты қылмыстық іс қозғады.

Соттың анықтауынша, 2014 жылы қыркүйек айының басында Чуприн ұялы телефоны арқылы “ВКонтакте” желісіне кіріп, желі пайдаланушыларымен жазбаша әңгімелескен. 2014 жылы 1-қыркүйек және 2015 жылы 20-мамыр аралығында Чуприн қазақ ұлты өкілдеріне деген жағымсыз көзқарасын білдіретін түрлі жазбалар жариялаған.

Сот үкімінде жазылғандай, бұл жазбаларды оқыған азаматтар арасында әлеуметтік шиеленіс туындап, ұлт араздығына және Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға әкеліп соғатын жағдайлар орын алған. Сот Игорь Чупринді айыпты деп танып, оны бес жыл алты айға бас бостандығынан айыруға және жазасын жалпы тәртіптік түзету колониясында өтеуге шешім шығарды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз