Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстандық оқулықтарда “қырым тақырыбын” түзетті

Өткен жылы жарық көрген қазақстандық тарих және география оқулықтарында Қырым “Ресей Федерациясының субъекті” деп көрсетілген. Бұл оқулықтардағы “қырым тақырыбы” төңірегіндегі жанжалдан соң, елшілік қазақстандық мектеп кітаптарына ерекше көңіл бөліп отыр.

Республикалық “Оқулық” ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Әділхан Дүйсебектің айтуынша, “Мектеп” баспасы оқулықтарға қосымша парақтар басып шығарып, түзетілген нұсқасын мектептерге таратқан. “Қырым туралы мәтінді сарапшылар және сыртқы істер министрлігіндегілер талқылады. Осылайша, оқулық БҰҰ белгілеген шекараға сай жазылды”, – деді ол.

Қазақстан 2014 жылы көктемде Ресеймен аннексияланған Қырым мәселесінде бейтарап ұстаным білдірді. 2014 жылы наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы Қырымның Украинадан бөлінуі жөніндегі референдумның заңдық күші жоқ екені туралы қарар қабылдады.

349B71DA-8DCD-49FA-9846-261F3BBEAEB3_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз