Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстандық каратешілер Қап тауынан олжалы қайтты

Барлығы 2 алтын, 3 күміс, 3 қола медальді еншілеп, олжалы оралдық. Жиырма шақты мемлекеттен спортшы жинап, жүз шақты адамнан қатыстырған Грузия, Әзірбайжан, Украина секілді мемлекеттермен салыстырғанда нәтижелі өнер көрсеттік.

Гүржістанның түкпірінде орналасқандықтан, оның үстіне бізден ұшатын ұшақтардың күні жарыс өтетін күнге дұрыс сәйкес келмегендіктен, біз Батумиге Алматы-Ақтау-Тбилиси бағытымен ұштық.

Түнгі 23.00-де Тбилисидің Шота Руставели атындағы әуежайынан түскен бойдан шағын автобусқа отырып, түнделетіп Батумиге тартып кеттік. Түнімен жүріп отырып, таң ата қара теңіз жағасындағы «Кавказ маржанына» жеттік.
Қонақүйге орналасқан соң, жарысқа тіркеліп, салмақ өлшеуге бардық. Жиырма шақты елден 600-ден астам спортшы келіпті. Ұйымдастырушы, EGKF (European Gojyu-ryu Karate-do Federation) басшыларының бірі, украиналық Валерий Кусий бастаған мамандармен сұхбаттасып, салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өттік. Одан соң, жігіттер ертеңгі жекпе-жектерге дайындалса, біз төрешілерге арналған арнайы семинарға бардық.

Қазақстандық команда ашылу салтанатындаЕртеңінде, жарыстың ашылу салтанатында команда болып арнайы өнер көрсеттік. Біршама кірпіш сынып, біраз ағаштар жаңқаланды. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген гүржілер мен жарысқа келген елдердің өкілдері тік тұрып қол соқты.
Сонымен, алғашқы күні бір алтын, бір күміс, бір қола, барлығы, үш медаль алдық. Ал, жарыстың екінші күнінде жан алысып, жан берісіп жүріп, медаль санын 8-ге (2 алтын, 3 күміс, 3 қола) жеткіздік.

Атап айтар болсақ, ирикуми-дзю бағдарламасы бойынша жастар арасында 63 кг салмақ дәрежесінде Қалжан Мирас алтын медаль иеленсе, ересектер арасында 63 кг салмақ дәрежесінде финалда екі қазақстандық Несіпбек Бақтияр мен Есенжол Аманжол кездесті.

Нәтижесінде, Аманжол өз командаласы Бақтиярға ешқандай төбелессіз жол берді. Бір салмақта кездесіп қалған өзге елдің спортшылары жүлде үшін жан алысып, жан берісіп жатқанын көрген көрермендер қазақстандықтардың бұл мәрттігіне риза болды. Осы бағдарламада 69 кг салмақта Нұраддин Садықов күміс медаль, Жасұлан Дәулетқалиев қола медаль иеленді.

Ирикуми-го бағдарламасы бойынша, ересектер арасында 63 кг салмақ дәрежесінде Несіпбек Бақтияр тағы да финалға шығып, тартысты жекпе-жек өткізді. Үш раундқа созылып, инжығыс түскен жекпе-жек қорытындысында төрешілер жеңісті 39 жасар тәжірибелі литвалық Константин Мокшинге бере салды. Осы бағдарлама бойынша Қалжан Мирас, ката бағдарламасы бойынша Нұраддин Садық тағы да қола медальге ие болды.
Сонымен қатар, бастан-аяқ жарысқа төрешілік те еттік. Түстен кейін WGKF (World Gojyu-ryu Karate-do Federatiоn) президенті Умберто де Оливьера мырзамен кездесіп, сұхбаттастық. Болашақтағы іскерлік қарым-қатынастар жайы сөз етіліп, бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.

Нұраддин Садықов

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз