Қазақстандық әйел баласымен бірге өзге біреудің туу туралы куәлігін көрсету арқылы Қырғызстанға өтіп кетуге талпыныс жасады, деп хабарлады Мемлекеттік шекара қызметі.
Қызмет мәліметі бойынша, ол 8 тамызда қырғыз-қазақ шекара бекетінде ұсталды. 23 жастағы Л. Ш. жасы үлкен қыздың туу туралы куәлігін көрсетіп, өзі ол құжаттармен кішкентай қызды алып өткісі келді.
Хаттама толтырылған соң, ұсталған әйел милиция қызметкерлеріне берілді.