Қазақстандық ең бай спортшылар арасында Гена көш бастап тұр

22 просмотров

Еліміздегі ең ауқатты спортшылар тізімі жарияланды. Toprichests.com сараптамалық порталының жазуына қарағанда қазақстандық дәулетті спортшылар ондығын Геннадий Головкин бастап тұр.

Бұл туралы BAQ.kz хабарлайды.

Қазақстандық қалталы спортшылардың алғашқы екеуі боксшы жігіттер. Көш басынан көрінген Генаның байлығы бүгінде 8,5 миллион АҚШ долларына жеткен. Ал «Балқаштың барысы» атанған Василийдің байлығы 8,1 миллион жасыл қағазды құрады. Алғашқы үштікті түйіндеген хоккейші жігіт Николай Антропов бұған дейін 7,6 миллион доллар жинап үлгерген.

Ал алғашқы ондықты толықтырған ауқатты спортшылардың тізімі төмендегідей.

1. Геннадий Головкин — $8,5 миллион

2. Василий Жиров — $8,1 миллион

3. Николай Антропов — $7,6 миллион

4. Самат Смақов — $7,5 миллион

5. Бақтияр Артаев — $6,9 миллион

6. Ярослава Шведова — $5 миллион

7. Галина Воскобоева — $4,3 миллион

8. Виталий Колесник — $3,5 миллион

9. Андрей Карпович — $3,3 миллион

10. Руслан Балтиев — $2,8 миллион.

LOS ANGELES, CA - OCTOBER 18: Gennady Gennadyevich Golovkin of Kazakhstan celebrates after beating Marco Antonio Rubio of Mexico in two rounds of the WBC Interim Middleweight Title bout at StubHub Center on October 18, 2014 in Los Angeles, California. (Photo by Jonathan Moore/Getty Images)

Загрузка...