Қазақстандық ауыр атлеттер Риодағы Олимпиадаға қатысатын болды

78 просмотров

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2016 жылғы Риодағы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) ресми бекіткен тізімге әлемнің 91 елінен 260 ауыр атлет енген екен.

Қазақстаннан Риодағы Олимпиадаға сегіз ауыр атлет қатысады: Арли Чонтей (56 келіге дейін), Фархад Харки (62 келіге дейін), Нижат Рахимов (77 келіге дейін), Денис Уланов (85 келіге дейін) және Александр Зайчиков (105 келіге дейін) және Маргарита Елисеева ( 48 келіге дейін), Карина Горичева (63 келіге дейін) және Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейін).

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан зілтеміршілерінің Олимпиадаға қатысу-қатыспауы белгісіз болып келген болатын. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Болгария құрамасын шеттетті. Сондай-ақ жеңіл атлетикадан Ресей құрамасы да жазғы Олимпиадаға қатыспайтын болды.

Ауыр атлетикадан барлығы 15 медальдар жиынтығы ұтысқа салынады.

Загрузка...