Қазақстандық ғалымдар ерекше дәрі-дәрмектер ойлап тапты

51 просмотров

Назарбаев Университетінің ғалымдары медицина саласы үшін үлкен жетістік болатын дәрі ойлап тапты. Оның бірі — «ақылды» полимер. Ол сынған сүйектің жазылуын жеделдетеді. Ал екінші өнім — «ақылды» таң­ғыш. Бұл өнімді күйік шал­ғанда және ойық жара пайда болғанда пайдалануға болады, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санында.

nazarbayev-University-for-Edge-september-story

— Біз адам сүйегі сынған кезде жазылуды тездететін жүйеге қол жеткіздік. Біздің ғалымдар Питтсбург университетімен бірі­гіп, адам ағзасындағы дің­гек және сүйек жасушаларын бірік­тіретін дәрі ойлап тапты. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде осы полимерді қолданғаннан кейін сынған сүйектің жазылу жылдамдығы 30 пайызға артқан. Қазір біз клиникалық зерттеу алды сатысында тұр­мыз. Алдағы уақытта біз жаса­ған «ақылды» полимердің қан­шалықты деңгейде қауіпсіз еке­нін анықтауымыз қажет. Егер жұмысымыз сәтті шықса, ғалымдар клиникалық зерттеуді бастайды,- дейді Назарбаев Униер­ситеттің биоинженерия және регенерациялық медици­на зертханасының ғылыми же­текшісі Шолпан Асқарова.

Ол  сондай-ақ отандық ғалымдардың бұл жетістікпен шектеліп қалмай, жаңа медициналық өнімді құрас­тырып жатқанын да айтты.

— Әрі біз «ақылды» таңғышты әзірлеп жатырмыз. Бұл таңғыш гельден жасалады. Аталған зат сұйық күйде болады. Ол теріге жағылған кезде қатып қалады. Бұл әдіс күйік шалған кезде және ойық жараны емдеуге (язва) пайдаланылады. Ғалымдар жасаған өнім қазіргі таңда клиникалық зерттеуалды сатысында тұр. Алдағы жылдары бұл өнімдерді Қазақстанда шығаруды жоспарлап отырмыз, — дейді ол.

 

Загрузка...