Қазақстанда жыл сайын 80 мың жасанды түсік жасалады

47 просмотров

Елімізде 80 мың сәби жыл сайын анасының тар құрсағында тұншығып, жатырдан шықпай жатып өледі екен.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ресми статистикаға қарағанда, тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 4 миллионға жуық аборт жасалған. Бұл – Қазақстандағы қазақтың үштен біріне тең сан. Өкініштісі, бұл түсіктердің тек 3-4-ақ пайызы ана өміріне қауіп төнгеннен кейін, медициналық нұсқаумен орындалған. Қалғаны жүктілікті қасақана тоқтату.

Қорқынышты статистиканы экономист Олжас Құдайбергенов әлеуметтік желідегі өзінің жеке парақшасына жазған екен. Оқырмандардың дені аборт бедеулікке апарады деген пікір қалдырған.

 

Әрбір үшінші әйелдің абортқа даяр болуы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелердің шешілмегенінің көрінісі дейді профессор Айгүл Ісмақова.

 Жастарға мемлекет тарапынан жағдай жасалмай, ана мен баланың құқығы қорғалмай, жасанды түсік мәселесінен ажырай алмаймыз

дейді ол. Сондықтан маман пікірінше, шарасыз шарананы өз қолымен өлтірген ана ғана емес.

“Отбасылы болып, не болмаса ол жалғыз басты ана болып, бала көтеріп қалса да жағдайын үкімет жасайтын заң тетіктері жоқ. Сондықтан қыз бала өз-өзімен қалғанда осындай сұмдыққа барады. Оны мәжбүрлеп отырған біз, біздің заңдарымыз, біздің немқұрайлығымыз, біздің келешекке осылай салғырт қарап отырғанымыз”, – дейді Филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісмақова.

Загрузка...