Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстанда жұманы демалыс күні деп жариялайық – экономист-заңгер

Ал мен болсам, 5 жұмыс күнін қалдыра отырып, оны 7 сағаттық кестеге көшіруді ұсынамын. Екінші ұсынысым, жынысына қарамастан барлық қазақстандықтар үшін 4,5 күндік жұмыс аптасын енгізу қажет. Бұл ретте жұмадағы жұмыс күнін қысқартып, түске ас мезгіліне дейін ғана жұмыс істеу керек

, – деді Жангелді Сүлейманов.

Қазірдің өзінде Еңбек кодексінде «толық емес жұмыс уақыты» деп аталатын түсінік қарастырылғанын айтады ол.

– Бүгінде жұмыс берушілер өтініш бойынша жүкті әйелдерге немесе 3 жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған әйелге толық емес жұмыс уақытын бере алады. Бірақ, бұл ретте еңбекақы да адам қанша жұмыс істесе соған шамалас белгіленеді. Яғни, егер жалақы 100 мың теңге болса, ал адам түскі асқа дейін ғана жұмыс істегісі келсе, онда әрине ол 50 мың теңге алады.

Егер де біз жүкті әйелдер мен 3 жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған әйелдер жайында айтар болсақ, онда жұмыс беруші оларға толық емес жұмыс уақытын беруге міндетті. Бірақ, ересек жастағы балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер жайы қалай болмақ? Жұмыс беруші егер де жұмысшының жағдайын түсініп, ымыраға келер болса, онда еңбекшартына бұл тармақты жаза алады. Алайда, бұл орайда жалақының бір мөлшері жоғалады. Екіншіден, менің түсінуімше, коммунистер жұмыс уақытының жартысын қысқартып, ал жалақыны сол күйінде қалдыруды ұсынып отыр ғой.

Бұл жерде әрине, жыныстық белгісіне қарай алалаушылық орын алады. Еркекте 8 сағат белгілі бір жұмысты атқарып 100 мың теңге алса, онда әйелдер де дәл сондай жұмысты екі есе аз орындап 100 мың теңге жалақы алатын болады. Ал жұмыс берушінің мұндай қадамға ешқашан бармайтындығы түсінікті», – деді Сүлейманов.

Оның пайымынша, әйелдер үшін уақыт айырмашылығын бюджет төлегеннің өзінде де бұл ұсыныстың жүзеге асырылуы қисынсыз болмақ.

Сондықтан ол оның орнына жұмадағы жұмыс күніді қысқартуды ұсынады.

Естеріңізге сала кетсек, әйелдердің жұмыс уақытын еке есе қысқартуды Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Марат Әубәкіров ұсынған болатын. Оның айтуынша, әйелдердің басым бөлігі медицина мен білім беру саласында жұмыс істейді. Бірақ, бұл жүйедегі жалақы өте төмен болып отыр.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз