Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстанда қытай тілі ағылшын тілін ығыстыра бастады

232

Қытайдың экономикалық қуаты өскен сайын қытай тілін үйреніп жатқан Назарчук ханым сияқты бұл тілді оқып-білуге ниет білдіргендердің де қатары арта түсуде. Назарчук қытай тілін оқып жатқан East-West Education Group компаниясының құрылтайшысы Нұржан Байтеміров бүгінде адамдардың тіл үйренуге деген қызығушылығында өзгерістер болып жатқанын хабарлады.

Бір кездері компаниялар жаппай ағылшын тілін үйреткен еді, бірақ бүгін көптеген адамдар қытай тілін білуге ниет білдіріп жатыр

— Қазақстанның батысы мұнайға бай, бір кездері оны канадалық компаниялар игерді, бірақ кейін канадалықтар кетіп, олардың орнын қытайлықтар басты. Егер жұмысқа ілінгің келсе, қытайша сөйлей білгенің жөн, — деген Нұржан Шығыс көршіміздің тілін білуге ынтыққкандардың саны ай сайын 5 пайызға өсіп жатыр дегенді қосты. Ата-аналар балалары қытай тілінде жақсы білім алса, жақсы жұмысқа ілінетінін түсінді, олар бұл жердегі қытайлық инвестициялардың қаншалықты көп екенін өз көздерімен көріп отыр.

Қара қытай қаптаса…

Қытайдың шәкіртақы жөніндегі кеңесі мынадай мәлімет береді:

қазір Қытайда 12 мың Қазақстан азаматы білім алып жатыр, бұл 10 жыл бұрынғы көрсеткіштен 5 есе көп

Конфуций институты Орталық Азияның бес республикасында өз тілі мен мәдениетін насихаттау жөніндегі орталықтар ашқан. 2016 жылғы ақпанда Қазақстанның вице-премьері Дәриға Назарбаева қазақстандық балаларға орыс, ағылшын және қазақ тілдерімен қатар қытай тілін де білген жөн деген пікір айтқан еді — болашақта ол баршаға қажет болады.

Бірақ елдің барлығы бұған сенімді емес. Еуразиялық банктің қаржыландыруымен өткізілген қоғамдық пікірде зерттеу

Қазақстанның алты азаматының біреуі ғана Қытайды достық ниеттегі ел деп есептейтінін көрсетті

Десек те, ел азаматарының тиісінше 84 және 48 пайызы Ресей мен Беларусьті осындай елдердің қатарына жатқызады екен.

— Статистикаға қарасақ, Қытай Қазақстан үшін өте маңызды серіктес. Дегенмен Қазақстандағы адамдардың көпшілігі Қытайды ірі инвестор ретінде емес, басқа бәле болатын ел сыңайлы қабылдайды. Олар Қытай біздің елдерге ешқандай пайда әкелмей, өзінің экономикалық ықпалын күшейткісі келеді деген пікірде, — дейді Тәуекелдерді бағалау тобының (Қазақстан) директоры Досым Сәтбаев.

“Ақырзаман” бола қоймас…

Пекиннің бастамаларын біреулер қуана, басқалары қауіптене қабылдауда. Мұның ішінара себебі аймақтың тарихында жатыр. КСРО-ның құрамында болған Орталық Азия елдері Мәскеуге құрметпен қарауға үйреніп қалған — білім мен мәдениетіміз орыс өркениетінің ықпалымен дамыды. Тәуелсіздік алғаннан кейін де бұл байланыстар үзіліп қалғамағандай, „Қытай қауіпі„ жөніндегі кеңестік қасаң үрей де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Шын мәнінде, синофобия Қытайдың „Бір белдеу — бір жол„ жобасын жүзеге асыру барысында кездестіретін қиындықтардың бастысы болмақ.

2010 жылы Қазақстанда Қытайдың ауыл шаруашылығы мақсатында үлкен аумақты жалға алу ниетіне қарсы қоғамдық бас көтерулер орын алған болатын. Ал 2016 жылы Ақтөбеде Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорация басшылары бірінің жергілікті тұрғындардан қабылданған жұмысшылардың қытай тілінен емтихан тапсыруын талап етуі ел жұртшылығының наразылығын тудырды.

Аймақтағы мақсаттарының бірі ретінде Қытай „адамнан адамға„ ұстанымын мәлімдеп отыр.Соған қарамастан, сарапшылар „биязы күш„ саясатының кейбір кем-кетіктері жоқ емес деген пікірде:

— Қытай барлығын жеткілікті деңгейде атқарып жатыр, деп айта алмаймын. Жағымды пікір, оң имидж қалыптастыру үшін атқарылатын жұмыс ұшан-теңіз, — дейді Фудань университеті Ресей және Орталық Азия орталығының директоры Жао Хуашень.

Алматының тіл мекетебіндегілер имидж жағынан Пекиннің алдында тұрған қиындықтар жоқ деген пікірде. Былтыр алғаш рет ҚХР-да болып қайтқан аудармашы Юлия Абрицова былай дейді:

— Қытайлықтар қарапайым, ақжарқын және жылы шырайлы адамдар. Олардағы тұрмыс Кеңес Одағы кезіндегі өмір іспетті.

Дереккөз: Financal times

Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыздар

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз