Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстанда қылмыс жасаған өзбек азаматы тұтқындалды

2014 жылы 47 жастағы Өзбекстан азаматы елінен «жақсы жұмыс тауып беремін» деп Қазақстанға жеті адамды жеткізген. Ол әр жұмысшы 2 млн сум табыс табады деп сендірген. Алайда Қазақстанға келгесін қылмыскер барлық жерлестерінің құжаттарын тартып алып, екі ай тегін еңбек етуге мәжбүрлеген.

Өзбекстанның құқыққорғау органдары осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, айыпталушыға іздеу жариялады. Алайда ол Ресейге бойтасалап, ізін жасырды.

Ресей полициясы 2016 жылдың наурыз айында оның қайда екендігін анықтады, кейін Коломенской қалалық прокуратурасы оны тұтқындады.

Адам саудасымен айналысушы қамауға алынып, РФ Бас прокурорының орынбасары оны Өзбекстанға қайтару жөнінде шешім қабылдаған. 2016 жылы маусым айында ол Мәскеуге жеткізіліп, өзбек айдауылшыларына тапсырылды.

Өзбекстандық өз елінде Қылмыстық кодекстің адам саудасы бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Үш рет қылмысқа барған оған әр эпизод бойынша 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы ықтимал.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз