Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Мемлекет басшысының үкімімен Ерлік Кененбаев ҚР Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Сол себепті ол ҚР Президенті әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Марат Ахметжанов ҚР Бас прокурорының орынбасары, Алексей Калайчи ҚР Президенті әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, Марат Құсайынов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, Нұрлан Қашағанов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметтеріне тағайындалды.

Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы басшысының лауазымына Айдын Қайруллаев тағайындалды. Ол 1981 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлу төбе ауылында дүниеге келген. Ол әр жылдары Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі, баспасөз хатшысы, көмекшісі, облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, қалалық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары қызметтерін атқарған. 2015 жылдан бастап Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Батыс Қазақстан облысында да бірнеше ауданның әкімі ауысты.

Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиев өзінің сұрауымен орнынан босатылды. Оның орнына ҚР Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен өңір басшысының үкіміне сәйкес ротация тәртібімен Мұрат Мұқаев тағайындалды. Ол бұған дейін 2013 жылдан бері Жәнібек ауданына басшылық жасаған болатын.

Сол секілді басқа қызметке ауысуына байланысты Бөрлі ауданының әкімі Марат Түсіпқалиев орнынан босады. Ротация тәртібімен Бөрлі ауданының әкімі болып Алдияр Халелов тағайындалды. Ол бұған дейін Шыңғырлау ауданына басшылық етті.

Алматы облысы әкімінің үкімімен Әбдуәлиев Ақан Алматы облысы мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды. Әбдуәлиев Ақан 1975 жылы дүниеге келді. Кұрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын және Алматы экономика және статистика академиясын артист, оқытушы және экономика бакалавры мамандықтары бойынша бітірген. Ол осы қызметінің алдында Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының директоры болды.

Қайсар Жұмабайұлы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі атанды. Ол 2009 жылдан бастап инвестициялар және даму министрінің баспасөз хатшысы қызметін атқарып келеді.

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақмола облысының Ішкі істер департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Ержан Саденов тағайындалды.

Ержан Сәденов ШҚО мемлекеттік универсиетінің жоғары біліміне ие. Сонымен қатар ол Қарағандының ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғары мектебін тәмамдаған. Ішкі істер департаментінде түрлі департаменттерді басқарған.

Ал полиция полковнигі Аманжол Қабылов Көліктегі ішкі істер департаменті бастығы лауазымына бекітілді.

Аманжол Қабылов Атырау облысының тумасы. Ол Қарағандының КСРО ішкі істер департаментінің жоғары мектебін тәмамдаған. Әр жылдары Маңғыстау облысының ішкі істер департаментін басқарды, Бұған дейін ҚР ІІМ криминальдық полиция комитеті төрағасының орынбасары болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз