Қазақстандағы тасжолдың 60 пайызы тозған

30 просмотров

Көлік жүргізушілері әлі алдағы төрт жылда жол азабынан құтылмайды.

Әбден тозығы жетіп, тесіліп қалған трассаларды жөндеу тек 2020 жылы аяқталмақ, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал

еліміздегі қалааралық тас жолдың 60 пайызы ескірген. Оларды толық жөндеуге миллиардтаған қаржы керек.

Дегенмен, шаруа кезең-кезеңімен атқарылады дейді шенеуніктер.

Бірінші кезекте, Астанадан шығыс, батыс пен оңтүстікке алып баратын жолдар тұр. Елорда-Алматы бағытындағы тарссаның құрылысы аяқталған соң, Астанадан Алматыға 11 сағатта жетуге болады. Бірақ, бұл бағытта көліктер ақылы қатынайды. Сондай-ақ, қыркүйектен бастап елімізде жол салу тәртібі түбегейлі өзгермекші.

Енді Кеден одағына мүше мемлекеттер ортақ стандартқа бағынады. Мәселен, жаңадан төселген трасса, қала ішіндегі жолдардың жанынан веложолдар салынбақ. Және құрылыс компаниялары іске кіріспес бұрын пайдаланатын материалдары қатаң тексеріледі.

Айта кету керек, жыл соңына дейін Астана-Қарағанды, Алматы-Талдықорған және Алматы-Қорғас жолдары пайдалануға беріледі. Ал, келесі жылдан бастап Қарағанды-Алматы бағытын жөндеу басталады.

Сәтжан Әбіләлиев, Автомобиль жолдары комитеті төрғасының орынбасары:

-11 жобаның ішінде Қызылордадан Жезқазған, одан Қарағандыға дейінгі жолдың жөнделуі қаралған. Бүгін халықаралық қаржы институттарымен қаржыландыру көздері анықталып жатыр. Еуропалық даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму бантері қаржыландыруға қызығушылық танытып жатыр.

Загрузка...