Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстандағы тұңғыш дзюдо академиясы ашылды

201

Оның ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев, Қазақстан дзюдо федерациясының өкілдері, елге танымал дзюдошылар, жас дзюдошылар және БАҚ өкілдері қатысты.

Академияның салтанатты ашылу рәсімі аясында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер қызыл лентаны қиды.

Бұдан кейін жиналған қауым әлемдік стандарттарға сай етіп салынған жаңа дзюдо академиясын аралап көрді. 4 жұп татами төселетін кең залда өткен салтанатты жиын барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер сөз сөйлеп, игі тілектерін білдірді.

Жиын соңында Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев жаңа дзюдо академиясының символикалық кілтін осы мектеп-интернаттың түлегі, 2015 жылы дзюдодан кадеттер арасында Сараево қаласында өткен Әлем чемпионатының алтын жүлдегері Айболат Ыстыбайға тапсырды.

Салтанатты жиын соңында татамиге шыққан жас дзюдошылар көрнекі сипатта өз өнерлерін паш етті.

Айта кетелік, дзюдо академиясы әлемдік стандарттарға сай етіп салынған.  Оның 4 жұп татами төселетін алып залында бір мезетте 200 адамға дейін жаттыға алады. Сонымен қатар, академия аумағында тренажер залы, 100 адамға шақталған 2 және 4 орындық жатақхана, 100 адамға арналған асхана, дәрігер кабинеті, бассейн, сауна, киім жууға, киім үтіктеуге және демалуға арналған бөлмелер бар.

Дзюдо академиясын салуға шамамен мемлекет-жеке меншік серіктестік аясында шамамен  4,5 млн. астам АҚШ доллары жұмсалған.  Соның ішінде 2,5 млн. АҚШ доллары – жеке инвестиция.

Құрылыс жұмыстарын Қазақстанның дзюдо федерациясының ресми демеушісі – SAT&Company компаниясы салған. Академия аумағы 1 гектарға жуықтайды. Ал академия ғимаратының аумағы 4,5-5 мың шаршы метрді құрайды. Болашақта бұл базада тек Қазақстанның ұлттық құрамалары ғана емес, шет елдік ұлттық құрама командалар да келіп, осы жерде толыққанды оқу-жаттығу жиындарын өткізе алады. Сонымен қатар, бұл жерде бірлескен оқу-жаттығу жиындары, семинарлар ұйымдастырылады. Бұл академияға болашақта халықаралық мәртебе берілуі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз