31-мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Қазақстанда бұл күн Елбасының Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіледі. 1917 жылдан бастап 1950 жылға дейін Қазақстанда 200 мыңнан аса адам саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Ұлтқа қынадай тиген бұл „қанды зұлматты„ отандық тарихшылар 7 кезеңге бөліп қарастырады.
2. 1920 жылдың ортасы 1930 жылдар. Кеңестік партиялық жүйенің ескі көздерімен қатар Голощекиннің „Кіші Қазан„ саясатына бас көтерген коммунистердің жаңа буыны да репрессияға ілінді. (Т. Рыскұлов, С. Сәдуәқасов, С. Сейфуллин, С. Меңдешев және т.б.)
3. 1920 жылдардың басы — 1930 жылдардың алғашқы ортасы. Күштеп ұжымдастыруға байланысты репрессияға ұшырағандар.
4. 1930 жылдары Ақ патшаға қызмет еткен техникалық кадрларға қарсы репрессия (Балқаш ісі, Шахтерскі ісі).
5. 1937-1938 жылдар. Жаппай саяси репрессия („Үлкен террор„). Халықтың барлық табына қатысты қуғын-сүргін.
6. 1930 жылдардың ортасы 1940 жылдардың соңы. Қазақстанға өзге этностарды — поляктарды, корейлерді, немістерді, ингуштарды, шешендерді, қырым татарларын жаппай жер аудару.
7. 1940 жылдың ортасы және 1950 жылдардың басы. Қазақ инттелегенциясына (Бекмаханов, Ысмайылов, Әуезов және т.б) және неміс концлагерінде тұтқында болған әскери қызметкерлерге қарсы репрессия.