Қазақстандағы орташа айлық көлемі — 136 мың 956 теңге — Статистика комитеті

30 просмотров

 

Қазақстанда орташа айлық атаулы жалақы көлемі сәуір айында 136 мың 956 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлайды.

«2016 жылғы сәуір айында Қазақстандағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 136 мың 956 теңгені құрады», — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, 2016 жылғы наурызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары арнайы бағалау бойынша 71 мың 890 теңгені құрады, бұл 2015 жылғы наурызға қарағанда 16,7 пайызға жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,9 пайызға өскен.

2016 жылғы сәуір айында жұмыссыздар саны 439,3 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 4,9 пайызын қамтыды.

2016 жылдың сәуірінің соңына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны — 74,7 мың адам немесе экономикалық белсенді халық санының 0,8 пайызы.

Загрузка...