Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстанда қанша киік бар?

243

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша республикада киіктерді қорғаудың тиімділігін арттыру үшін олардың қоныс аудару мен төлдеу, қыстау кезеңіндегі концентрациясының негізгі орындарында Ырғыз-Торғай және «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваттары, «Охотзоопром» ӨБ» мекемелерінің қызметтері күшейтіле түскен.

Орал популяциясын қорғау мақсатында «Охотзопром» ӨБ» базасында Орал қаласында орналасқан жергілікті Оралдық бөлімше құрылыпты. Бетпақдала популяциясын қорғауды Ақтөбе және Астана қалаларында орналасқан жергілікті Батыс және Орталық бөлімшелері қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, браконьерлікке қарсы күресті күшейту үшін «Охотзоопром» ӨБ» базасында заманауи көлікпен қамтамасыз етілген, тәжірибелі инспекторлардан құрылған 4 арнайы мобильдік топ жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2014 жылы заңсыз киік аулаудың, сондай-ақ, олардың мүйізін сату және сатып алудың 79 фактісі, 2015 жылы – 107 фактісі және 2016 жылдың 5 айы көлемінде 33 фактісі тіркелген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз