Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақстандағы ең жемқор мемлекеттік органдар анықталды

223

Мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлердің бизнесін шығынға батырып, қызметіне кедергі жасаса да жауапкершіліктен құтылып кетеді. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне арналған форумында мәлімдеді, деп хабарлады Аstanatv.kz.

Оның айтуынша, 2015 жылы, сондай-ақ, осы жылдың 9 айында заңды кәсіпкерлік қызметке тосқауыл жасау дерегі бойынша 16 іс қозғалды. Оның қорытындысына сай айыптау үкімі екі адамға ғана шыққан. Форум қатысушылары сыбайлас жемқорлықты жеңе алмай отырғанын бірнеше рет қайталап айтумен болды. Ал экономикалық зерттеулер институты жүргізген сауалнама ең жемқор орган ретінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметті анықтаған.

«Экономикалық зерттеулер институты жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша, кәсіпкерлер пікірінше, жемқорлық жайлаған органдардың көшбасында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тұр. Осы салаға үлкен реформалар керек. Ал кейбір елдерде бұл құрылым түрі мүлде жоқ. Денсаулық сақтау бағыты да күрделі зерттеуді қажет етеді. Дәрі-дәрмек сатып алуға биыл 150 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Ал дәрілерді сатып алу жұмыстары бойынша ақпарат жабық. Сатып алулардың көбі қағаз түрінде өтеді», – дейді аталған агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.

Форум қорытындысы бойынша, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жол картасын қабылдады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз