Жаңбыр әлі құйып тұр. Оңтүстікті су басуы мүмкін дейді мамандар

44 просмотров

Бүгін нөсер жаңбырға байланысты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жəне Алматы облыстарының өзендерінде су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлайды Алматы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

«Бүгін, 16 мамырда нөсер жаңбырға байланысты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жəне Алматы облыстарының өзендерінде су тасқыны болуы ықтимал»,

— делінген хабарламада.

Айта кетелік, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті бұл ескертуді «Қазгидромет» мемлекеттік кәсіпорнының 2016 жылғы 15 мамырдағы № 45 ескертуі негізінде жасады.

Синоптиктердің болжамынша, таяу күндері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жəне Алматы облыстарында нөсер жаңбыр жауады. Осыған байланысты үш өңірдің өзендерінде су тасқыны болуы мүмкін.

8234435

Загрузка...