Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Қазақстанда салафизм идеологиясына тыйым салу ұсынылды

“Ақтөбедегі жағдай радикализммен уланған жастардың әрекетінен болды. Бұл Таяу Шығыстағы терроризмнің идеологтарының насихатының салдары болуы мүмкін. Анығын тергеу көрсетеді. Ақтөбедегі теракт тиісті құқықтық шараларды қабылдауды талап етеді. Егер біз терроризмнің салдарымен ғана емес, себебімен де күресу керек деп ойласақ, салафизм идеологиясына саяси түрде тыйым салу керек деп ойлаймын”, – деді Сабдин.

“Елімізде 600-ден аса лаңкес сотталған, оның көбі өзін салафитпін деп таныстырады. Тергеу барысында Ақтөбеде теракт жасағандардың ең алдымен салафит екендері, содан кейін ғана ДАИШ жақтаушылары екені анықталады деп ойлаймын. Бізде Табиғи жамағат ұйымының әрекетіне тыйым салынған, ал олардың құқық бұзушылық әрекеттері өзін салафизм ұстанушысымын деп таныстыратындардың қасында аз”, – деді ол.

“Біз лаңкестердің қылмысын қатаң сынаймыз. Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамыз. Париждегі, Ыстамбұл мен Бельгиядағы және басқа да террорлық актілер бұл мәселеге алаңдамайтын елдің жоқ екенін көрсетті. Бастысы – бұл оқиғаның 2011-2012 жылдардағыдай қайталанып кетуіне жол бермеу және оқиғаны мұқият сараптау”, – деді Сабдин.

Айта кетейік, 5 маусымда Ақтөбеде теракт болып, 17 қылмыскер өлтірілді, 7 адамға іздеу жарияланды. 8 адам ұсталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз