Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстанда сұйытылған газдың бағасы екі есеге қымбаттады

Өткен жылғы баға көрші елдермен салыстырғанда бірнеше есе арзан (РФ – 59 019 теңге/тонна, Тәжікстан – 104 864 теңге/тонна), яғни,
сұйытылған мұнай газын өндірушілер үшін ішкі нарыққа сұйытылған газ жеткізу тиімсіз көрінеді.

«Сондықтан еліміздің ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын тұрақты түрде жеткізуді қамтамасыз ету және өндіруші зауыттардың шығындарын азайту мақсатында ҚР Энергетика министрлігінің бұйрығымен, 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңде сұйытылған мұнай газының ішкі нарықтағы шекті көтерме бағасы тоннасына 23 106,45 теңге/тонна болып белгіленді», – делінеді ҚР Энергетика министрлігі таратқан хабарламада.

ҚР «Газ және газбен қамту туралы» заңына сәйкес, сұйытылған мұнай газының ішкі нарықтағы шекті көтерме бағасын ҚР энергетика министрлігі белгілейді және ол еліміздің барлық аймағында әрекет етеді.

Газдың ішкі нарықтағы шекті көтерме бағасын белгілеу ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын айқындау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз