2016 жылы Қазақстанда құрылыс көлемі 6,7 пайызға артты.
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен үкімет сағатында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
“Құрылыс көлемі 6,7 пайызға өсті, бұл «Нұрлы жол» шеңберіндегі инфрақұрылым мен тұрғынүйлердің ауқымды құрылысымен байланысты. Қаңтар-тамызда барлық көздер есебінен салынған тұрғын үйлерді пайдалануға беру 14 пайызға (6,37 млн. шаршы метрге дейін) ұлғайды. Пайдалануға берілген көппәтерлі тұрғын үйлер алаңының көлемі – 26,7пайызға (3,1 млн. шаршы метрге дейін), жеке тұрғын үйлердің көлемі 4,0 пайызға (3,3 млн. шаршы метрге дейін) өсті. Мемлекет қаражаты есебінен де оң серпін сақталып, оған 507 мың шаршы метр тұрғын үй салынды”, – деді министр.
Министр еске салып өткеніндей, 2015-2016 жылдары тұрғын үй инфрақұрылымын жүргізуге 151,2 млрд. теңге бөлінді. Бұл ретте, бюджеттен инфрақұрылымға бөлінген әрбір 1 теңге тұрғын үй секторына 9,3 теңге жеке инвестиция тартты.
Дереккөз: Қазақпарат