Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Қазақстанда ұрланған қымбат көліктерді сатқан ресейлік соттан сытылып кетті

112

Тергеу мен сот анықтағандай, қылмыс 2011-2012 жылдары жасалған. Коняхинге Toyota, Lexus, Infinity маркалы ұрланған автомобильдер түсіп отырған. Оның міндеті – көліктерді шетелде сату болған.

– Көліктер жалған тұлғаларға рәсімделіп, Қазақстанға жөнелтіліп, сатылған. Тергеу амалдары негізінен Қазақстанда жүргізілді. Қылмыстық топ мүшелерінің басым бөлігі сол елде болған, – деді прокурор Евгений Логинов.

Коняхин барлығы 11 иномарканы сатып үлгерген. Куйбышев соты ер адамды 2,5 жылға шартты түрде бостандығынан айырып, 80 мың рубль айыппұл салған. Алайда оған рақымшылық жасалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз