Қазақстанда педофилдер туралы электронды мәліметтер базасы іске қосылды. Бұл туралы ақпаратты ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеттің сайты жариялады.
„Соңғы жылдары, өкінішке қарай, кәмелет жасқа толмаған балалар зорлық-зомбылығы жиілеп кетті. Бұл қоғамдағы адами және құқықтық мәселелерге қатысты мәселенің ушығып бара жатқанын көрсетеді„ делінеді сайтта.
Сондықтан осы қылмыс түрін азайту үшін бірқатар мемлекеттік шаралар қабылданды. Шетел тәжірибесі де ескерілді. Соның ішінде, мысалы педофилдерді химиялық жолмен мәжбүрлеп кастрациялау да бар.
Осыған дейін балалардың жоғалған жерін құқық қорғау органдары карта арқылы нұсқай отырып, педофилдердің жүретін жерін бақылауға болатынын айтады.
Осы мақсатта жылдың басынан бастап, кәмелетке толмағандарды жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеген немесе бала денесіне қолы тиюі бойынша қылмыстық жазаға тартылғандардың тізімі жасалды.
Электронды мәліметтер базасында осы қылмыс түріне қатысты қылмыскерлердің мәліметтері беріледі. Атап айтқанда, фотосуреті, аты-жөні, туған жылы, туған жері және сотталғаны туралы мәліметтер.
Бұл ақпарат адамдарды балаларына қатысты туындауы ықтимал қауіп-қатерден қорғауға мүмкіндік береді.