Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мерекеленіп жатыр

156

Кеше Отан қорғаушылар күні қарсаңында Мемлекет басшысы, еліміздің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар әскери адамдарға әскери атақ беріп, нагрдалармен марапаттады. Cоның ішінде екі Халық қаһарманы атағы берілді.

Олар Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Fokker-100» әуе кемесінің командирі Дмитрий Родин мен Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы – 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары Қайрат Үмбетов болатын.

Оның бірі Қызылордадан Астанаға бағыт алып, Астана әуежайына апаттық жағдайда аман-есен қонған  «Bek Air» әуе компаниясы ұшағының командирі. Дмитрий Родин 108 жолаушы мен 5 экипаж мүшесінің өмірін аман сақтап қалған. Ал, әскери оқу-жаттығулардың бірінде гранатаның жақын маңда жарылатынын сезген полковник Қайрат Үмбетов жауынгерді кеудесімен қалқалап, сарбаздың өмірін ажалдан арашалап қалған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз